Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Өткен аптада бірқатар маңызды тағайындау болды

ҚР Президенті өтіп бара жатқан аптада бірқатар маңызды тағайындаулар жасады. Ulys сайты сол тағайындауға жалпы шолу ұсынады. Оқырмандарымызға айта кетсек еліміздегі және әлемде болып жатқан жедел ақпараттарды біздің Телеграм каналдан оқи аласыздар.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды және ІІМ қызметінен босатылды.

Ал Ішкі істер министрі болып бұрын Сыбайлас жемқорлық агенттігін басқарған Марат Ахметжанов тағайындалды.


Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылсын» деп жазылған ҚР Президенті қол қойған Жарлық мәтінінде.

 

Әсет Исекешовтың орнын Ғизат Нұрдәулетов басып, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымына тағайындалды. Ол  Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болған еді.


 Олжас Бектенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды ол бұрын осы агенттікте төрағаның орынбасары болып қызмет атқарған.

 

Сонымен қатар Болат Тілепов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

 

Мемлекет басшысының өкімімен Олег Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Оның орнына Нұрлан Әбдірахманов келді.


Осы аптада Ұлан  Байжанов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды. Және Жандос Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы болып келді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала