Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

​Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қамауға алынды

​Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады.
«Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттер фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов М.Қ. міндеттерін орындай алмады. 19.02.2022 аталған факті бойынша ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 452-бабы (билік органдарының әрекетсіздігі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген таратылған хабарламада.
​Айта кетейік, 19-қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты Қорғаныс министрі қызметінен босатып, орнына Руслан Жақсылықовты тағайындаған болатын.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала