Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Ресей мен Украина текетіресі кімге тиімді?

Ресей мен Украина арасындағы текетірестің соңғы күндері ушығып барып кеше сәл басылғандай болды. Ресей тарапы Украина шекарасына үйіп-төккен әскерін алып кететіндігін және шекарадағы әскери оқу-жаттығулар сәтті өткенін мәлімдеді. Бұл жағдайды сәл реттелгендей әсер қалдырды. Әрине шекарадан әскерді әкетеміз деген Ресейге қарсыластары сене қоймасы анық. Алайда бұл кейбір қор нарығына оң әсер етіп үлгерді. Жалпы текетіресті соғыс болатындай күйге келтіру кімдерге тиімді болды? Бұл сұраққа белгілі кәсіпкер, саясаттанушы Марғұлан Сейсенбай жауап беріп, желіде жазба қалдырды.
    
«Мен Ресей мен Украина арасында соғыс болмайды деп ойлаймын. Мұның бірнеше себебі бар.
Бірінші себеп.Менің ойымша, соғыс ешбір елге тиімді емес. Ресейді алайық, соғыс оның экономикасына теріс әсерін тигізері анық. Соғыс одақтастарымен қоса алғанда АҚШ-қа да тиімсіз. Өздеріне қатысы жоқ соғыста ешкім де өз сарбаздарын жоғалтқысы келмейді. Бірақ, шиеленіс туғызу барлық тарапқа тиімді. Ресейге, өйткені халықаралық жағдайдың кез-келген шиеленісі мұнай мен газдың бағасын арттырады. Бұл Ресей бюджетінің негізгі түсімі. Оған қоса, сыртқы жау - бұл орыс идеологиясының бір бөлігі. Шиеленіс неғұрлым арта түссе, адамдар оппозицияға және өздерінің әл-ауқатына көңіл бөлуді қояды. Үшіншіден, Украинаға салынып жатқан инвестициялардың тоқтауы мен ондағы дүрбелең жағдай Ресейдің мақсаттары үшін жұмыс істейді.
Украинаға қатысты жағдайдың ушығуы Батыс елдері үшін де пайдалы», - деді М. Сейсенбай.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала