Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

СИРИЯДАН 47 АЗАМАТ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Бүгін мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Биылғы 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды. Олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террористердің тұтқынында болды. Қазақстанға келген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Осындай ауыр жағдайға ұшыраған бұл кінәсіз жандардың қуанышында шек жоқ. Олар бір ай бойы бейімдеу орталығында болып, қажетті медициналық көмек алады. Атқарылған жұмыс мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді», — деді. Сонымен қатар, Қазақстан өз азаматтарына қай жерде жүрсе де әрдайым қолдау көрсететінін атап өткен ол: «Біздің негізгі міндетіміз – еліміздің қауіпсіздігін, халқымыздың береке-бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Қақтығыс аймағында еріксіз жүрген балаларды қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз», - деді.

Қазақстан азаматтарын Сириядан құтқару операциясы «Жусан» деп аталды. 5-6 қаңтарда жүзеге асқан шара туралы документалді арнай видеоролик  төменде, көре аласыздар.    

Сурет: akorda.kz, bnews.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала