Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Түркияда қалып қойған қазақстандықтарды елге жеткізу аяқталды

Бұл туралы Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел мәлімдеді.

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап тек Ыстанбұлда мыңнан астам жолаушы қалып қойған. Осыған байланысты, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстамбұлдағы Бас консулдығы азаматтарға ақпараттық, құқықтық және материалдық көмек көрсету бойынша жедел штаб құрып, жан- жақты қолдауды көрсетті.

Бас консулдық әлеуметтік парақшаларда азаматтарды олардың Қазақстанға оралуы туралы уақтылы хабардар ету үшін арнайы хабарлама чаттарын іске қосты. Ыстанбұлдың екі әуежайында да азаматтарға қажетті көмек көрсету мақсатында консулдық қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Қазақстанға Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей арқылы жетуге шешім қабылдаған азаматтарға билет сатып алу, сондай-ақ, олардың қозғалысын ҚР-ның тиісті елдердегі шетелдік мекемелерімен үйлестіру бойынша көмек көрсетілді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала