Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды, ол билікті күшпен басып алмақ болған

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары ұсталды. Бұл туралы ақпаратты комитеттің баспасөз қызметті таратты.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтының мәліметінше, Мәсімов пен бірқатар тұлғаға қатысты билікті күшпен басып алу әрекеті бойынша тергеу басталды.

Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды. Тергеу жалғасуда.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала