Валюта бағамы
USD - 382.56
EUR - 426.48
RUB - 5.84

Бекболат Тілеухан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерацияда қызмет атқармақ

Көріністер: 4
Ad

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының (WEC) вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы баспасөз қызметі хабарлады.

 

Аталған халықаралық ұйымның штаб-пәтері Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан. Біләл Ердоған басқаратын бұл ұйымға Қазақстан 2019 жылы алғашқы толыққанды мүшесі ретінде қабылданған. Қазіргі уақытта ұйымға әлемнің көптеген этноспорт федерациялары мүше.

Ол өткен жылдан бері конфедерацияның Орталық Азия комитетіне жетекшілік етіп келеді.

Атап өтейік, 2022 жылы IV Көшпенділер ойындары Түркияның Бурса қаласында өтеді деп жоспарланған.

Еске салсақ, бүгін Бекболат Тілеуханның депуттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала