Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Бекболат Тілеуханның депуттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды.

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.

Бекболат Қанайұлы 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «концерттік орындаушы» мамандығы бойынша, 1998 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін «инженер-металлург» мамандығы бойынша бітірген. 1996-2001 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті оркестірінің көркемдік жетекшісі.

2001-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет комитетінің төрағасы.

2002-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі.

2004-2007 жж. - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2007-2011 жж. – ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012- қазіргі кезге дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті. 2016-2021жж - VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болған.

Үйленген, тоғыз ұлы, алты қызы бар.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала