Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Асқар Умаров ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Асқар Қуанышұлы Умаров ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген. 1997-1998 жылдары — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.

1998-1999 жылдары — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі. 2005-2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы. Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2008-2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.

2011-2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.

2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті. 2017-2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала