Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Сарапшы: Ауғанстанды террористік топтар басып алатын болса, бұл есірткі өндірісінің өсуіне алып келуі мүмкін

Ауғанстанда тұрақсыздық орнап, террористік топтар билікті басып алатын болса бұл есірткі өндірісінің одан да өсуіне алып келуі әбден мүмкін. Бұл туралы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков Ulys-қа берген сұхбатында айтты.

«Ауғанстан әлемде героинның 85 пайызын өндіретін мемлекет және нарколабороторияға айналғаны белгілі. Егер аймақта тұрақсыздық орнап, террористік топтар билікті басып алатын болса бұл есірткі өндірісінің одан да өсуіне алып келуі әбден мүмкін. Бұл Қазақстан үшін Орталық Азия елдері үшін қауіпті. Себебі өндірілген есірткіні тасымалдау жолы солтүстік машрут -Қазақстан арқылы өтеді», - деді Жұмабек Сарабеков.

Reuters агенттігің абарлауынша, бүгін  «Талибан» қозғалысының (Қазақстан аумағында тыйым салынған - авт.) өкілдері Ауғанстан астанасы Кабулға басып кірді. Бұған дейін тәліптер елдің 90 пайыз аумағын басып алып, өзінің үстемдігін көрсеткен болады.

Айта кетсек, Ауғанстандағы жалпы жағдай оның Қазақсанға әсері туралы талдау мақаланы мына жерден оқуға болады.

 

Авторы: Саягүл Жарылқасын

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала