Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қазақстанда биылғы оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады

Орта білім

  • Шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиологиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды.
  • Бастауыш сынып оқушылары үшін, ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспауы тиіс.
  • Кезекші сыныптарға өтініштер электронды түрде (сынып жетекшісі арқылы) қабылданады.
  • Қашықтан оқыту форматында - 2,6 млн (79%), кезекші сыныптарда - 530 мың (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады деп күтілуде.

Мектепке дейінгі ұйымдар

  • Ата-аналардың қалауы бойынша балалар кезекші топтарға қабылданады. Бұл топтарда бала саны 15-тен аспауы тиіс.

Қосымша білім беру ұйымдары

  • Балалар ата-аналардың өтініші негізінде қашықтан немесе жеке тәртіппен ұйымдастырылады. Шағын топтардағы бала саны 5-тен аспауы тиіс.

Арнайы білім беру ұйымдары

  • Ата-аналардың таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе мамандардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылады. Денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала