Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Шыңғыс Мұқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратты.

Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі.

Ол Алматыдағы «Қайнар» университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінде тілші болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, «Жайық-пресс» ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті қызметтерін атқарған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала