Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Белгілі журналист Бейсен Құранбек өмірден озды

«Белгілі журналист Бейсен Абайұлы Құранбектің қайтыс болуына орай, Амандық Баталовтың тапсырмасымен облыстық комиссия құрылды. Ағамызды соңғы сапарға шығарып салу облыстық деңгейде өтетін болады», - деп жазды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел желідегі парақшасында.

 

Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

 

Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

 

2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. 2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

 

2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала