Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Өзбекстандағы бөгеттің бұзылуы: Түркістан облысының 10 ауылын су басты

Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер парақшасында жазды.

 

«Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде», - деді Президент.

Еске салсақ, Өзбекстанда су қоймасы жарылып, су Түркістан облысының ауылдарын басып қалғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала