Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

Төтенше жағдайдан кейін жаңа кәсіп бастайтындарға 6 пайызбен несие беріледі

Көріністер: 88

Жаңа кәсіп бастайтындар үшін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы «Даму» КДҚ» АҚ мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету департаментінің директоры Гүлсая Зейнелғабдина ОКҚ онлайн-брифингінде айтты. 

«Иә, бизнес бастайтындар үшін біздің бағдарламамыз жұмыс істеді және істей береді де. Төтенше жағдай кезінде де істеп жатыр. Жаңа кәсіпкерлерге арналған нәтижелі жұмыспен қамту «Еңбек» бағдарламасы бар. Бұл арқылы кәсіпкер 6,5-8 мың АЕК мөлшерінде 6 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады. Заем мерзімі - 5 жыл. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында да жаңа кәсіпкерлерді қолдаймыз. Бұл - субсидиялау, кепілдік беру инструменті. Бұл арқылы кәсіпкер бизнесін ауылда немесе шағын қалада бастаса, онда бірінші бағыт бойынша 750 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Мұнымен қоса, айналмалы капиталын толықтыру үшін 360 миллион теңгеге дейін алуына мүмкіндігі бар. Кепілдік беру инструменті арқылы жаңа кәсіпкердің несие сомасы 180 миллион теңгеден аспаса, несие сомасынан 85 пайыз кепілдік беріледі», - деді Гүлсая Зейнелғабдина.

Департамент директорының айтуынша, кәсібін қалада бастағысы келетіндер үшін несие мөлшері 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайған.

«Екінші бағыт бойынша кәсіпкер бизнесін қалада бастаса, 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайды, 6 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады. Кәсіпкерлер «Даму» қорына қазір де өтініш білдіруіне болады. Төтенше жағдай біткеннен кейін де жүгінуге болады. Тек банктер бизнес жобаға несие бергеннен «Даму» қоры субсидия мен кепілдік беруге қатысты шешім шығарады», - деп толықтырды спикер.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала