Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Ұлттық банк 1 шілдеге дейін елордаға көшіріледі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті Нұр-Сұлтанға көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Ulys zan.gov.kz cілтеме жасай отырып, құжаттың толық мәтінін жариялайды.

 

***

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2- тармағының 1) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:

1) 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіруді қамтамасыз етсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.

2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты.».

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлықтың 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2- тармағын қоспағанда, осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев


 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала