Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

Биыл түлектердің қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді

Көріністер: 82

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен оқушылардың қашықтан оқу түріне ауысуына байланысты БҒМ 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылданды.

 

«Біз сараптай келе осындай шешім қабылдадық. Тиісті өзгертулер министрліктің бұйрықтарына енгізілді. Жекелеген емтихандар өткізілмейтін болады. Бұл оқу жетістіктерін қорытынды бағалаудың барынша әділдігін қамтамасыз етеді» делінген хабарламада.
 

Қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған сынама тесттерін тегін пайдалана алады. Әр пән бойынша тестілеудің 70 бірегей нұсқасы ұсынылып отыр.

 


 


 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала