Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан екінші адам көз жұмды

Жедел штабтың Телеграмм парақшасында жарияланған мәліметке қарағанда, Қазақстан бойынша осымен екінші адам індеттен көз жұмды. Пациент 50 жаста болған, 2020 жылы 21 наурызда жедел медициналық жәрдем бригадасы арқылы ауруханаға жатқызылды. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іс-сапарлармен байланысты болған. Отбасы мүшелері мен жұмысындағы қызметкерлерден тұратын жақын байланыста болған барлық 31 адам ауруханаға жатқызылды.

 55 ықтимал байланысқан адамға үй карантині белгіленді.

Бұдан кейін отбасы мүшелерімен жақын араласқан екі адамнан коронавирус инфекциясы тіркелді.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанда коронавирустан бір әйел қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала