Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Доллардың қымбаттауы: Ұлттық банк пен KASE бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан Ұлттық банкі мен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ulys Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Өткен тәулікте жаһандық қаржы нарығындағы құбылмалық айтарлықтай артты. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 25 долларға төмендеп, бір тәуліктің ішінде 14 пайызға, жыл басынан бері 60 пайыздан астамға құлдырады. Әлемдік қор және валюта нарықтары құлдырауын жалғастыру үстінде.

Ресей рублі бір күннің ішінде 7,3 пайызға, ал жылдың басынан бері 30 пайызға әлсіреді. Осындай жағдайда ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыру ықпалын шектеу үшін және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірге 2020 жылдың 19 және 20 наурызында теңге-доллар валюта жұбын Франкфурт аукционы түрінде сату шешімін қабылдады», - делінген банктің хабарламасында.

 Франкфурт аукционы түріндегі сауда-саттық жүргізу туралы шешім клиенттердің қолындағы өтінімдерді қанағаттандырады және валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермейді.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала