Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

КИМ ЧЕН ЫН НЕНІ МЕҢЗЕДІ?

Сәуір айында Ким Чен Ын Панмунчжомда көпшіліктің назарын аударған қимыл-әрекет жасады. Әрине, былай қарағанда ешкімге қызықсыз дүние. Бірақ дипломатия мен саясатта бұл назардан тыс қалмайды.

Екі елдің арасындағы «Панмунжом декларациясы» мен «Естелік сөз қалдыру» рәсіміне келгенде Ким Чен Ын Оңтүстік Кореялықтардың үстелге дайындап қойған қаламын қолданбады. Қасындағы қарындасы Ким Ё Чжонға иек қағып, өз қаламын алды. Ал, енді осы Ким Чен Ынның қаламнан қандай сөз туды?

«Жаңа тарих қазірден бастап. Бейбітшіліктің дәуірі, тарихтың басталған жерінен». Ким Чен Ын 2018 жыл, 27-сәуір.

Дәл осы бір жағдай Америкамен болған кездесуде екінші рет қайталанды. Әлем елі тағы да бір рет Солтүстік Корея лидерінің оқыс әрекетіне куә болды. Бұл жолы шынымен де бір жағдайдың екі рет қайталануы сарапшыларды ойландырды. Ал оның ұстаған қаламы әлемдік бренд — «Montblanc» болатын.

Ким неге ол өз қаламымен жазды? Бірінші, қауіпсіздік шарасы. Сарапшылардың пікірінше, қаламның сыртқы қабында у болуы мүмкін. Өйткені алпауыттардың қауіпсіздік және барлау саласының адамдарына сенімнің жоқ екенін алға тартады. Оның күзеті Америка тарапы әзірлеген қаламды алдын-ала тазалып қойған.

pastedGraphic.png

Екінші, көсемнің қолтаңбасын алу көзделуі мүмкін. Жалпы, оның саусақ іздерін зерттеу мақсатында. Бұл әрине, дәйексіз долбар секілді көрінеді. Бірақ Америка секілді елдің ойында не жатқанын кім біліпті. Кимді зерттеу үшін барлық тәсілдер қолданылады. Үшінші, Ким өзінің кім екенін, осы әрекетімен-ақ дипломатияда дербестігін байқатты дейтіндер басым. Олардың ойынша, Ким алпауыттардың айтқанына көніп, айдауына жүре қоймайды. Төртінші, Оңтүстік Корея мен Америка «Әскери Одақтас елдер». Байқасақ, осы мүдделес екі елде де бір әрекетті жасауы тегін емес. Әйтпесе, бауырлас елмен кездескенде сол елдің қаламымен жазып, Америкамен кездескенде неге өз қаламымен жазбады? Бесінші, бұқараның назарын аудару үшін жасалған әрекет деген де пікір көп. Бірақ Ким қоғамның пікіріне зәрулердің қатарынан емес.

Қорыта келгенде, Ким Чен Ын тарихты өзгенің қаламымен жазбады. Ол өз қаламымен тарихты жаза білді. Жәй ғана емес, әлемдік саясаттағы жаңа парақты жазды. Оның әрекеті Солтүстік Корея саясатының тәуелсіздігі, дипломатиясының дербестігін байқатады. Бүкіл әлемге халықаралық саясат пен дипломатияның тарихын өз қолдарымен жаза алатындықтарын көрсетіп қана қоймай, Америка секілді елге ядролық қарумен қаруланған мемлекет  емес екенін қимылымен танытып, батыс десе бас шұлғымайтынын білдірді. Сыртқы саясатта өзіне сенімді ел екенін жеткізді. Қысқасы, бір қимылымен көп жағдайды аңғартты. «Ымды білмейтін, дымды білмейді» демекші, дипломатиялық Ким Чен Ынның ымынан Америка көп нәрсені ұққан секілді.   

Ким Чен Ынның 2018 жылғы әрекеті келесі 2019 жылы Сеулге сапары барысында қайталанса таң қалмаңыз. Ким Чен Ынның осы әрекетін әлем үшінші рет тамашалай ала ма? Бұл сұрақтың жауабын келер жылдың еншісіне қалдырмамыз.

Дастан АҚАШ, шығыстанушы-корейтанушы, мемлекеттік және басқару саласы мен халықаралық қарым-қатынас маманы

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала