Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

Нұр-Сұлтанда алғаш рет коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді

 ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталғанын айтты, деп хабарлайды Ulys ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 

«Қазіргі күнде қосымша тағы бір науқас анықталды, яғни үшінші науқас деп айтуға болады. Милан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына 12 наурыз күні келді. Зертханалық сараптама бойынша коронавирустық инфекция анықталды. Бұл азамат келгенде, біздің протокол бойынша әуежайдан тікелей карантинге жатқызылды», -деді Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

 

 Белгілі болғандай, протокол бойынша Миланнан келген әйелмен байланыста болған адамдарға қатысты қажетті жұмыстар жүргізілуде Оның сөзіне қарағанда, аталған бортта 90 жолаушы болған.

Оларға қатысты санитарлық шаралар іске асырылуда.

 

 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала