Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Өзбекстан ЕАЭО-қа бақылаушы ел ретінде қатысады

Өзбекстан Республикасы Министрлер Мекемесінде елдің Еуразиялық экономикалық одақпен (EАЭО) ынтымақтастығынның жан-жақты бағалау бойынша соңғы нәтижелерін талқылауға және тиісті ұсыныстарды «Олий Мажлис» палаталарына енгізу мәселесіне арналған жиын өтті. Бұл туралы uza.uz агенттігі хабарлайды.

Осыған дейін Президент Шавкат Мирзияев Парламентке жасаған кезекті жолдауында осы өзекті мәселені жан-жақты талқылап, зерттеп, түбегейлі қарап шығуын айтып бастысы бұл жөнінде толық тоқтамға келуде ең әуелі халықтың қалауына жүгінерін айтқан болатын.
Өзбекстанның EАЭО-пен ынтымақтастығын жан-жақты зерттеу және терең талдау жасауға арналған арнайы жұмысшы тобы елдің ең ірі 16 экономикалық секторында экономикалық интерграция жөнінде зерттеулер жүргізіп, шетелдік және жергілікті сарапшылардың берген ұсыныс қорытындылары мен ЕАЭО аясындағы өнеркәсіп, сыртқы сауда саясаты, кедендік-тарифтік реттеу тетіктері, еңбек көші-қоны т.б. мәселелер бойынша барлық жағдай зерттеліп Өзбекстанның одақпен байланысы елдің ұлттық экономикасына әсерін комплексті үйрену нәтижесінде тиісті министрліктер мен ведомствалар Еуразиялық экономикалық одақпен бақылаушы ел мәртебесінде ынтымақтастық жасау туралы ұсынысы мақұлданды.

Жиын қорытындысы бойынша аналитикалық және жан-жақты бағалау негізінде жасалған қорытындылар мен ұсыныстарды «Олий Мажлис» палаталарына беру туралы шешім қабылданды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала