Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Атырау облысының әкімі: Әлеуметтік желі өте маңызды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлеуметтік желідегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұл туралы өңір басшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Телеграмдағы «Атырау облысының әкімдігі» чат-каналында 16 мыңдай адам бар. Нақтырақ айтсақ, желіде 7 ауданның чаты жұмыс істеп тұр, әрқайсысында шамамен 2-3 мың арасында адам белсенділік танытып отырады.

Күнделікті келіп түсетін сұрақтардың 90 пайыздан астамы азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты. Атап айтқанда, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, жер мен үй кезегі, білім беруге қатысты, құқық бұзушылық және  т.б. мәселелер.

«Қазіргі таңда менің фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілерінде жеке парақшам бар. Телеграмды да бір уақыт өзім жеке қарап, бақылап отырамын. Әлеуметтік желі өте маңызды. Сондықтан басқарма басшылары тұрғындардың  әрбір сұрағына  жедел жауап берулері керек. Әлеуметтік желіге әр басқармадан бір-бір жауапты адам қойған дұрыс. Фейсбукте жеке парақшасы жоқ басқарма басшылары мен аудан әкімдері жедел ашқаны абзал. Халықпен тікелей байланыс орнату өте маңызды. Жалпы әлеуметтік желідегі жұмыстарды жандандыру қажет. Бұл орайда, облыс әкімі баспасөз хатшысымен және Өңірлік коммуникациялар қызметімен (ӨКҚ) тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырамын»,- деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.  

Сонымен қатар, аймақ басшысы әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, тұрғындардың сұрағына дер кезінде жауап беретін бірқатар басқарма басшыларын атап өтті. Олардың қатарында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен денсаулық және білім басқармасы бар.

Махамбет Досмұхамбетов полиция департаменті кейбір сұрақтарға  апталап жауап бермейтінін де атап өтті. «Мәселен, тұрғындар құқықбұзушылыққа, жол ережесін бұзуға және рұқсат етілмеген жерге көлік қоюға қатысты өздері видео және суреттер жіберіп отыр. Алай        да оларды тиісті департамент дер кезінде анықтай алмай жатады», - дейді аймақ басшысы.

Өңір басшысының айтуынша, айлап жауап бермейтіндер қатарында «РЦКУ-Атырау» ЖШС (газға қатысты), «КТЖ» АҚ Атырау филиалы, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ бар.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала