Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады

Бүгін Семей қалалық сотында өткен тыңдау кезінде Мұхтар Жәкішевтің өтініші қаралды. Судья оның мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Бұдан бұрын «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініш берген болатын.

Айта кетсек, өткен аптада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген сұхбатында Мемлекет басшысы М.Жәкішевке қатысты мәселе тек қана соттың құзіретінде екендігін баса атап өтті.

 

«Әрине, Жәкішевтің денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы бірнеше рет жүгінгені маған да белгілі. 3 наурызда бірінші сатыдаға сот отырысы өтеді. Соның шешімін күтейік. Мен оның әділ болатындығына сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мұхтар Жәкішев 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынын айырылған еді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала