Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

ТҮРКИЯНЫҢ ЖАҢА ЕЛШІСІ УФУК ЕКИДЖИ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕ БОЛДЫ

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркияның жаңадан тағайындалған Елшісі Уфук Екиджиді қабылдап, Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы талқыланды. 

Аталған ведомства баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар екіжақты саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылаған. Сондай-ақ Түркия Елшісі сенім грамотасының көшірмесін тапсырған. Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымына көз жүгіртер болсақ,  2019 жылдың қаңтар-қараша айларында 2,8 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 67% көп (1,5 млрд доллар). Экспорт көлемі 2 млрд доллар, ал Түркиядан Қазақстанға импорт 0,8 млн долларды құрапты.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала