Валюта бағамы
USD - 382.56
EUR - 426.48
RUB - 5.84

АБАЙ МЕРЕЙТОЙЫ 21-ҚАҢТАРДА РЕСМИ ТҮРДЕ БАСТАЛАДЫ

Көріністер: 432
Ad

Мәдениет және спорт министрлігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Һәкімге арналған мерейтойдың ресми түрде салтанатты ашылу рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында 21 қаңтарда өтетіні мәлім болды.  

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтің сөзінше, биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында арнайы мемлекеттік комиссияның құрамы бекітіліп, Президенттің пәрмені берілген. Мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспары 82 тармақты қамтиды. Оның ішінде ірі халықаралық және республикалық қоғамдық маңызы бар, ғылыми, ағартушылық іс-шаралар, конференциялар, симпозиумдар, пленэрлер, дөңгелек үстелдер, сынып сағаттар, поэтикалық және әдеби конкурстар, баспасөз турлары және өзге де іс-шаралар бар.

         Сонымен қатар облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері, мерекелеудің өңірлік жоспарларын әзірледі.

         «Маңызды жобалардың бірі – Абай шығармаларының жинағын  ШЕТЕЛДІҢ 10 ТІЛІНЕ АУДАРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ, Абайдың өмірі, шығармашылығы, мұрасы мен рөлі туралы ҮШ ДЕРЕКТІ-ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ФИЛЬМДЕРДІ ШЫҒАРУ»,-деген  Нұрғиса Дәуешов тамыз айында Семей қаласында «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Конференцияға белгілі отандық және шетелдік абайтанушы ғалымдар, ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері шақырылатынына тоқталды.

Оның сөзінше, мерейтой аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығын музеефикацияландыру және ақын есімімен байланысты тарихи-мәдени мұра объектілеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

         Барлық оқу орындарында Абайдың өлеңдерін және қарасөздерін мәнерлеп оқу және мазмұндау бойынша  ашық сабақтар мен тақырыптық шығарма байқаулары өткізіледі. Республиканың барлық аймақтарында оқушылар үшін «Абай жеріне саяхат» атты Абай жерлеріне экскурсиялық турлар қарастырылған.

         Жоғары оқу орындарында ғылыми конференциялар, Абай оқулары, симпозиумдар, поэтикалық және әдеби фестивальдер, поэзия кештері, Абай өлеңдерін үздік оқу, әндерін орындау және шығармашылығын білу бойынша семинарлар мен конкурстар жоспарлануда. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанынан «АБАЙ АКАДЕМИЯСЫ» ғылыми-зерттеу институты құрылды.

         «Әрбір қазақстандық Абайдың шығармалары бойынша жалпыұлттық диктантқа қатыса алады. Сонымен қатар, мерейтой аясында барлық мәдениет және спорт ұйымдарында әдеби оқулар, тақырыптық іс-шаралар, ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар, шығармашылық кештер, фестивальдер, әскери бөлімдерде белгілі ақын жазушылар, абайтанушы ғалымдардың қатысуымен салтанатты іс-шаралар және т.б. өткізіледі»,-деді Мәдениет және спорт вице-министрі.

 

 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала