Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ПРЕЗИДЕНТ ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ЕЛШІЛІКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парсы шығанағы
аймағындағы ахуалға байланысты кеңес өткізді. Ақорда баспасөз
қызметінің хабарлауынша, жиынға Президент Әкімшілігі басшылығы,
Премьер-Министрдің орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы, Ұлттық
қауіпсіздік комитеті төрағасы, Сыртқы істер министрі, Қорғаныс
министрі, Ішкі істер министрі және Қарулы Күштер Бас штабы бастығы
қатысқан.


Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен басқа да мемлекеттік
органдардың басшылары Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал туралы баяндады.
Қазақстан Президенті Парсы шығанағы аймағындағы ахуалдың күрт
шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, аталған іс-қимылдарға қатысушы
тараптардың барынша ұстамдылық танытуы қажеттігін айтып,
қақтығыстарды дипломатиялық әдіс-тәсілдермен, ең алдымен, бұл іске БҰҰ
араластыра отырып, сондай-ақ екіжақты байланыстар мен келіссөздер
арқылы реттеу мүмкін екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстанның Таяу
Шығыстағы елшіліктері мен ондағы қызметкерлердің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуді, еліміздегі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен
компаниялар кеңселерінің қауіпсіздігін сақтау үшін шаралар қабылдауды,
мемлекетіміздің ұлттық мүддесіне қатысты маңызды ақпараттарды алу және
талдау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Халықаралық ахуалдың
шиеленісуі жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму және
қорғаныс әлеуетін күшейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Суреттер akorda.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала