Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

28 ЖЕЛТОҚСАН ЕЛІМІЗДЕ ҚАРАЛЫ КҮН БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

Алматы маңында болған ұшақ апатына қатысты Қазақстанда ертең
яғни 28 желтоқсан қаралы күн болып жарияланды. Президент баспасөз
қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың өкімімен бұл күні ел азаматтары Алматы маңындағы ұшақ
апаты құрбандарын аза тұтады.

Бүгін таңертен Қазақ елінің қабырғасын қайыстырған қасіретті оқиға болды.
Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған Bek Air компаниясына тиесілі
Fokker-100 ұшағы ұзамай радардан жоғалып кеткен. Іле-шала 95 жолаушысы
мен 5 экипаж мүшесі бар әуе кемесінің апатқа ұшырағаны анықталды. Апат
туралы алғашқы видеолар әлеуметтік желілерде тарай бастады. Оқиғадан 12
адам қаза тауып, 20-дан астам адамның жағдайы ауыр екені баяндалады.
Оқиғаның себеп-салдарын анықтайтын арнайы комиссия құрылып, оқиға
орнына барды. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер
заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Премьер-министрдің
орынбасары, арнайы комиссия мүшесі Роман Склярдың сөзінше, ұшу-қону
жолағына әуе кемесінің артқы жағы екі рет тиген екен. Жолаққа жанасу
аралығы 300-400 метр шамасында болған. Ол ұшар кезде де екі рет ұшу-қону
жолағына соқтыққан. Сосын сәл көтерілген ұшақ оң жаққа ауып барып,
ешкім тұрмайтын жеке үйдің қоршауына соғылған. Содан әуе кемесі екіге
бөлініп, алдыңғы жағында отырған жолаушылардың біразы көз
жұмған.Ұшақтың 1996 жылы шыққаны анықталды. Ұшақта Қытай, Украина
және Қырғызстан азаматтары да болған. Апатқа байланысты Ресей
Президенті Владимир Путин, Қырғызстан Президенті Сауранбай Жиенбеков
көңіл айтты. Алматылықтар жарақат алғандарға жаппай қан тапсырды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала