Валюта бағамы
USD - 382.56
EUR - 426.48
RUB - 5.84

АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Көріністер: 33
Ad

Бүгін елордада Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Комиссияның 2019 жылғы қорытынды отырысы өтті.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның 2019 жылғы қорытынды отырысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, IT-компаниялардың, ҮЕҰ мен ақпаратқа қол жеткізу саласындағы сараптамалық қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Комиссия отырысында data-журналистиканы дамыту перспективаларымен байланысты мәселелерді, Жергілікті атқарушы органдар ашықтығының эталондық үлгісінің жобасын, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін талдау нәтижелерін, сондай-ақ құжат айналымын төмендету бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар талқыланды.

 Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдар ашықтығының эталондық үлгісі және әкімдіктердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша        оң тәжірибені барлық аймақтарға тарату туралы Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Рақымов Бекзат Рақымұлы баяндама жасады.

Департамент директоры Бекзат Рақымов, өз сөзінде 2018 жылғы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігінің әкімдіктер ашықтығының эталондық үлігісін әзірлеу жөніндегі тапсырмасының жүзеге асырылғанын атап өті.

 «Ағымдағы жылдың 24 маусымында жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өткізілді. Оның жұмысына комиссия мүшелері тікелей қатысты. Семинар-кеңес барысында Нұр-сұлтан және Алматы қалалары, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етудің үздік тәжірибелері тыңдалды, ІТ-технологиялар мен БАҚ-пен коммуникацияларды қолдану мәселелері, сондай-ақ мүгедектердің ақпарат алу кезіндегі қажеттіліктері талқыланды»- деді Бекзат Рақымов.  

Сондай-ақ ол бұл бағыттағы жұмыстарға «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тартылғанын айтты. Аталған ұйым тұрғындарды шешімдер қабылдау процесіне тарту бойынша экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің озық тәжірибелеріне талдау жүргізген. 

   «Рухани Жаңғыру» ҚҚДИ ҚЕАҚ Басқарма Төрағасы өз баяндамасында қазіргі уақытта ЖАО ашықтығының типтік моделі әзірленгенін және ол 17 өңірдің әкімдіктерінің өкілдеріне таныстырылғанын атап өтті.

Кемелбек Бақтұғұлұлының сөзінше, аталған типтік модель 7 бағыттан тұрады. Нақтырақ айтқанда 1 қадам –ақпарат жинақтау, 2 қадам–проблеманы айқындау, 3 қадам–дайындау процесі, 4 қадам – шешім, 5 қадам–азаматтық қоғам өкілдерімен келісу,  6 қадам– орындау және мониторинг, 7 қадам –бағалау.

Өз кезегінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қоғамның пікірі міндетті түрде мемлекеттік басқару шешімдерін қабылдау кезінде әр түрлі деңгейде анықталуға және ескерілуге тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ, отырыста Комиссия мүшесі, «Internews Kazakhstan» ұйымының заңгері Ольга Диденко Қазақстанда дата-журналистиканы дамыту мәселесін ортаға салды.

Бұдан бөлек, Комиссия отырсында «Зерде» ҰАХ» АҚ Ашық үкімет және деректер  департаментінің  директоры Г.Д. Абдығалиева мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін талдау туралы, ПМК Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары Б.А. Тілеуов, МСМ, БҒМ, ЕХӘҚМ өкілдері Құжат айналымды қысқарту бойынша мемлекеттік органдармен іске асырылған шаралар туралы бяандама жасады.

Отырыс соңында  Комиссияның 2020 жылғы жұмысының жоспары таныстырылды. 

photo:qogam.gov.kz

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала