Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

МАРҒҰЛАН БАЙМҰХАН СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Көріністер: 108

Мемлекет басшысының Өкімімен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ақорда баспсөз қызметінің хабралуынша, ол   Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
 

Марғұлан Бақытұлы  1974 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында туған. Ванкувер (Канада) Университетін бітірген. МВА – Іскерлік әкімшілік магистрі.  Хертфордшир  (Ұлыбритания) университетінің түлегі.  MScIM – Халықаралық басқару (менеджмент) магистрі. Польшаның Экономикалық Университетінде оқыған.  PhD ғылыми дәрежесіне кандидат – экономика саласындағы философия докторы. Польшаның Дипломатиялық Академиясы, Поляк халықаралық қатынастар Институтында Сыртқы саясат бойынша бір жылдық бағдарлама оқыған, аталған оқу орнының «Менеджмент және маркетинг» факультетінде» де магистр атағын алған. ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясында да білім алған. ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының түлегі.  Бұдан өзге де бірқатар жоғары оқы орындарында оқып,  арнайы курстар бітірген. ҚР Сыртқы істер министрлігінде біраз уақыттан бері еңбек етіп келеді. Сыртқы саясатты талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары болған. Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі Кеңесші, кеңесші-елші, кейін СІМ  ТМД істері департаментінің Халықаралық ұйымдар бөлімінің, Әскери-саяси ынтымақтастық бөлімінің басшысы. Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінде еңбек етті. Бірталай зерттеу еңбектерінің авторы. Ағылшын-неміс-испан-француз-қазақ-орыс тілдерінде жарық көрген Еуропалық Одақтың «Еуропалық Одақ Глосарийі» атты глоссарий авторларының бірі (736 бет), «Қазақстан: мұнай мен мақтаның Отаны» мақаласының авторы («Newsweek Polska» журналы), «2009-2011 жылдардағы «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі аясында ҚР мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастық бойынша тәжірибесі мен келешегі» мақаласының авторларының бірі, ҚР Білім және ғылым Министрлігі ғылым Комитетінің ғылыми-зерттеу тобының мүшесі, топтың өзекті тақырыбы: «Ғылым саласындағы интеграция (European Research Area – ERA), Еуроодақтағы жоғарғы білім European Higher Education Area) процесстері жаһандану үрдісіндегі білімге бағытталған экономика негіздері: ұйымдастыру, басқару және жетілдіру. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі аясында Қазақстанда еуропалық тәжірбиені енгізудің мүмкіндігі мен болашағы». ҚР Елшілігі тапсырысымен поляк тілінде жарық көрген кәсіпкерлерге арналған «Қазақстан» анықтамалығы авторларының бірі. Поляк іскер ортасына бағытталған Варшавалық UNIDO бюросының «Қазақстанда бизнес жүргізу жолдары» информаторының әзірленуіне атсалысқан. Қазақстан дипломаттары ассоциациясының, Польша ЖОО бітірген қазақстандық түлектер ассоциациясының мүшесі, «Toastmaster International» Халықаралық Клубының Спикері. ҚР СІМ мақтау-мадақтамаларына ие, соның ішінде, «Қазақстан дипломатиясына 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен және «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» төсбелгісімен марапатталған. Ағылшын, поляк, неміс тілдерін жетік біледі. Үйленген, 3 баласы бар.

 

 

Суреттер мен деректер mfa.gov.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала