2020 ЖЫЛЫ «BOLASHAQ TALKS» ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ
Жаңа жылдан бастап «Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy атты жаңа жоба басталады. Ол туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова фейсбук парақшасына жазды.
«Құрметті «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесі және Жас ғалымдар альянсымен бірге отырып, алдағы жылдан бастап өздеріңіздің қатысуларыңызбен «Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy жобасын қолға алмақшы.
«Bolashaq Talks» Pikirtalas alańy жобасының алғашқы кездесуі 2020 жылғы 17 қаңтарға жоспарланып отыр. Осыған орай өздеріңізден келер жылы талқылануы тиіс түрлі бағыттағы өзекті тақырыптар бойынша ұсыныс-пікірлеріңізді білгіміз келеді»,-деп жазды Айнұр Кәрібозова парақшасына.
Сурет Айнұр Кәрібозованың фейсбук парақшасынан алынды.