Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

БАКУДЕ ТҮРІКПА-НЫҢ IX КЕҢЕСІ ӨТЕДІ

Бүгін Бакуде Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының IX пленарлық кеңесі өтеді деп хабарлайды trend.az сайты. Онда жазылған ақпаратқа қарағанда, алқалы жиынның алдында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ұйымның төрағалығын Әзербайжанның Парламентіне салтанатты түрде табыс етеді.

Шараға ТүрікПА-ға мүше елдердің Парламент төрағалары бастаған делегациялары мен түркілік ұйымдардың өкілдері қатысады. Пленарлық мәжілісте ТүрікПА-ның тұрақты комиссиясының есебі мен ұсыныстары қаралады, моделдік заңдарды қабылдау жайы пысықталып, Қазақстанда биыл өткен кезектен тыс президенттік сайлауға түркілік құрылымдар тарапынан бақылаушы болған халықаралық миссияның есебі тыңдалып, заңдық құжаттардың қабылдану мәселелері қаралады. Жиын соңында Баку декларациясы қабылданады деп жоспарланып отыр. 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала