Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ

Сенат отырысында Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед НАТО-ның Түркиядағы әскери училищелерінде қазақстандық курсанттар ақысыз негізде оқып жатқанын атап өтті. Осыған дейін 200-ге жуық офицер оқып шықты, қазіргі кезде 20 курсант білім алуда, сондай-ақ қорғаныс министрлігінің 14 офицері Түркияның оқу орталықтарында даярлықтан өтуде. «Жүргізілген талдау жұмыстары бүгінде Қорғаныс министрлігі құзырында жұмыс істеп  жүрген Түркияның жоғары әскери оқу орындары түлектерінің теориялық және практикалық білім деңгейі жоғары екендігін көрсетіп отыр», - деп атап өтті сенатор.

Ал сенатор Мұратбай Жолдасбаев болса түрік курсанттарының Қазақстанда білім алатындығы туралы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевтан сұрады. Ол қазіргі кезде Түркияның 16 әскери қызметкері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде оқып жатқаны туралы айтты.

Құжатты ратификациялау Қазақстанның әскери саладағы мүмкіндіктерін кеңейтеді, әскери ынтымақтастықтың дамуына оң ықпал етеді. Келісім мамандар даярлау мен оқытумен қатар бірлескен жаттығулар өткізуге, ғылыми және техникалық зерттеулерді жүзеге асыруға, қорғаныс өнеркәсібінің ынтымақтастығына, сондай-ақ картография, гидрография, топогеодезия салалары бойынша қамтамасыз етуге қатысты болады.

Суреттер parlam.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала