Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

МЕНТИЛАР МЕН МЕНТОРЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

Елордада «Табысқа бірге» атты І-ші Қазақстандық менторлар (тәлімгер) мен ментилардың (шәкірт) форумы болып өтті. Негізгі тақырып — «Тәлімгер мен жаттықтырушы құралының қоғамдағы түрленуі» деп аталды.

«KAZBRANDS» Қоғамдық Қоры ұйымдастырған шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, ынталандырушы спикерлер, жас көшбасшылар, жобаның аймақтық менторлары мен ментилері, жүргізуші тренерлер, танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, тележүргізушілер, жоба серіктестері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, жастар ресурстық орталықтары, жас кәсіпкерлер, жас көшбасшылар, ұстаздар, студенттер қатысты. Форум жастар жылы аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ қолдауы арқасында жүзеге асырылуда.

  «KAZBRANDS» «Өңірлерде жастарды ынталандыру жұмысын жүргізу үшін менторлардың 4 тобын барып оқытуды ұйымдастыру» атты ауқымды жоба бағдарламасын жүзеге асырды. Менторлар мен ментилардың үлкен ортасы қалыптасып, жобаның бірегей дерекқоры жасақталды.

Жоба аясында республиканың барлық аймақтарында 150-ден аса тәлімгер-жастардың шараларын он мыңнан аса қатысушыларға өткізді. Әртүрлі тәлімгерлік мектептері, жастармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, сұқбат алаңдары, жастар кемпі, көшпелі шаралар және т.б. еліміздің түрлі аймақтарында ұйымдастырылды.

Аталмыш интерактивті ынталандыру формасындағы жұмыстар бастаушы және қазіргі жас кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, студенттер мен оқушылар  тарапынан пайдалы әрі нәтижиелі қабылданды.

І-ші Қазақстандық менторлар мен ментилардың форумы – бұл аймақтардағы жастармен жұмыс жасау үшін оқытылған 80 тәлімгерлер-тренерлерді, табысқа жетуге бағытталған 560 ментиларды шоғырландырған әлеуметтік жобаның қорытынды шарасы.

Менторлар және белсенді ментилар/қамқорлықтағылар жастармен табысты жұмыстар тарихымен бөлісіп, форум қатысушыларына ынталандыру мен қолдау жасап, олардың әрі қарай өзін өзі дамытуға жол ашады.

Форумның мақсаты жастардың табысты жұмыстары арқылы қоғамдағы менторлық/тәлімгерлік институтын, әлеуметтік белсенді менторлар мен ментилардың жаппай өсімін, өмірлік басымдықтарды іздеуге жастарға көмек беру үшін қоғамдық және мемлекеттік қолдау құралдарды кеңейтуді, кәсібилікті, қоғамдағы табысты адамдардың тәжірибесін пайдалану арқылы жеке тұлғалық дамуды өзекті ету.

Менторлық идеясы Қазақстанда кең қолдауға ие болды, кейбір қалалар, аудандар және ауылдарда менторлар мен тәлімгерлердің мектептері ашылуда, сонымен бірге жастарды ынталандыру жұмыстары үшін Қазақстанның менторлары мен ментиларының Ассоциациясы құрылуда.

Менторлық феноменінің өзі тарихи бекітілген және адамзаттың, жеке тұлғаның үнемі дамуына қажет, өйткені ментор табысқа, кәсібилік және бизнесте немесе өмірде алдына қойған мақсатына жеткісі келетіндерге керек.

Ментордың ролі кеңес беру, теориялық негізде оқыту және ынталандыру, өзінің жеке тәжірибесінің мысалы ретінде практикалық түрде кәсіби машықтық пен білім беру, сонымен бірге мониторинг жүргізу арқылы қамқорлықтағы ментидің дамуын жасау.

Ментор білім беріп қоймай, өзінің идеяларын жүктеу арқылы оқушыларды қызмет саласына, сенімге, қолдау және ынталандыру икемділігіне тартады. Ментор-тренер өзінің менти/қамқоршысын тәртіп пен жігерлігін, күш пен сенімділігінің артуына көңіл бөледі.

Форум аясында  менторлардың жастармен нысандар мен бағыттар бойынша «Tool Fair» алаңы жұмыс жасайды, менторлардың ментилар үшін «Арманды бірге жасаймыз» атты шеберлік жұмыс құралдары ұсынылады.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала