Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДА БАС ҚОСАДЫ

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуі 29-қараша күні Ташкентте өтеді. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов айтты. 

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ташкентте Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері қатысқан. Олар Ташкентте өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне дайындық барысын талқылады. Министрлер Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары консультативтік кездесуінің күн тәртібін, бірлескен мәлімдемесі мен регламентінің жобаларын нақты қарады. Сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды.

Орталық Азия бағытындағы маңызды ортақ жетістігі ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2018 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен ОА мемлекеттері басшыларының Жұмыс (консультативтік) кездесуі болды. Бұл – көп жылдар ішіндегі мұндай форматтағы алғашқы кездесу болып, оның барысында өңір елдерінің көшбасшылары бесжақты ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын анықтап, болашаққа жоспарлар белгіледі.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия елдерімен жан-жақты кооперациялық байланыстарды дамыту және өңірдің маңыздылығын нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. 

Кездесу қатысушылары өзбек тарапына іс-шараны сапалы ұйымдастырғаны және Өзбекстанның аймақтық интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған күш-жігері үшін алғыс білдірді.

 

 

Суреттер mfa.gov.kz сайтынан алынды. 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала