Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ТОҚАЕВТЫҢ ҚЫРҒЫЗСТАНҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРЫНА ҚАТЫСТЫ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қараша айында Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапар жасауы жоспарланған. Соның қарсаңында өткен Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар тараптарға өзекті мәселелер бойынша әрекеттерді сәйкестендіруге және  одан арғы өзара іс-қимыл перспективаларын жоспарлауға мүмкіндік берді.  

Еліміздің сыртқы істер ведомствасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан-Қырғыз Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультация Бішкек қаласында өткен. Оған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов пен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев деңгейінде және тараптардың жауапты мемлекеттік органдар өкілдері қатысқан. 

Консультациялар барысында саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасында туризмді дамыту бойынша өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар жоғары және биік деңгейлерде, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастық шеңберінде болатын алдағы кездесулер мен сапарлардың күнтізбелік жоспарын қарастырып, халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасқан.  

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар достық және тату көршілік, одақтастық және стратегиялық серіктестік рухында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласқан.

 

Суреттер mfa.gov.kz сайтынан алынды.

 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала