Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

НАҒЫЗ БАСШЫ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ НЕМЕСЕ 10 КІТАПТЫҢ МАЗМҰНЫ ⠀

Қазақстанның сапалы ақпарат нарығы тағы бір құнды еңбекпен толықты. Белгілі журналист, Гарвард университеті Кеннеди басқару мектебінің түлегі Шыңғыс Мұқанның қазақ және орыс тілінде “Менеджер” атты кітабы жарыққа шықты. 

Менеджмент білімі мен басқару өнеріне қатысты айрықша дағдылар жіліктелген кітапқа қатысты Шыңғыс Мұқан фейсбук парақшасында, «Оқырмандарымыз бойларына менеджерлік қасиеттерді сіңірсін деген ниетпен "Мазмұндама" жобасы аясында тағы бір мықты кітап шығардық. “Әрбір адам оқуға тиіс 10 кітап" сериясы аясында менеджментке арналған "Менеджер" деген кітапты назарларыңызға ұсынамыз. Менеджментке қатысты он таңдаулы кітаптың қаймағын сүзіп алып, бір кітап етіп шығардық», -деп жазды. Сонымен қатар автор, «Жаңа заманның өзіне тән талаптары бар. Қазіргі таңда смартфонсыз өмірді елестету мүмкін емес. Сол сияқты өзіңді басқару, команданы басқару, отбасын басқару, уақытты басқару, бір сөзбен айтқанда, басқаруға қатысты дағдылар да смартфон секілді заман талабы. Ал осы дағдыларды бойына сіңірген адамды “Менеджер” деп атаймыз. Ағылшынның “менеджер” деген сөзін қазақша “басшы” деп аударсақ болады.Менеджер кез-келген ортаның, компанияның, ұжымның қозғалтқышы десек те болады. Яғни, менеджер кез-келген істі дөңгелетіп әкете алады»,-деп кітаптың мазмұнын ашып жазды. «Менеджер» кітап сататын желілерде сатылымға түсті.

 

Суреттер Шыңғыс Мұқанның фейсбук парақшасынан алынды.   

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала