Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

СЫРТҚЫ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛДЫ

Сыртқы істер министрлігінің жанынан Сыртқы саяси зерттеулер институты құрылды.   

Аталған ведомстваның баспасөз қызметі «Сыртқы істер министрлігінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырысты ашқан Министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануларымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, жемісті жұмыс етуді тіледі», -деп жазды. Ал директорлар кеңесін ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев басқаратын болды. Институттың негізгі міндеті — Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді сараптау болмақ. Жаңа институтқа қатысты ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев өзінің фейсбук парақшасында былай деп жазды: «Директорлар кеңесінің бірінші отырысында болашақтағы басым бағыттардың міндеттері мен жұмыстың форматын талқыладық. Басқарма төрағасы болып тәжірибелі дипломат әр жетекші Айымдос Бозжігітов тағайындалды. Ол институттың барлық ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Жаңа құрылым Мемлекет басшысы мен қазақстандық дипломаттарды сапалы зерттеулермен қамтамасыз ететін және Қазақстанның халықаралық бастамаларын белсенді алға жылжытатын еліміздің жетекші аналитикалық орталықтарының біріне айналарына сенемін».      

 

 

 

Суреттер mfa.gov.kz сайтынан алынды. 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала