Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ӘЗЕРБАЙЖАНДА 90 КҮНГЕ ДЕЙІН ВИЗАСЫЗ ЖҮРЕ АЛАСЫЗ

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы визасыз жүріп-тұру келісіміне өзгеріс енгізіліп, уақыты 90 күнге дейін созылды. Бұл бауырлас екі ел халқының алыс-беріс, барыс-келісін жандандырары сөзсіз.

Тиісті құжатқа Бакуде өткен Түркі Кеңесі саммиті шеңберінде қол қойылды. Енді екі елдің халқы 90 күнге дейін бір-бірлерін визасыз бара алады және бір айға дейін тіркеуге тұрмауға болады. Протоколға Әзербайжанның сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров пен Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қол қойды. Өзгерістер енген құжат екі елдің заң шығарушы органдары ратификациялаған соң күшіне енеді.

 

Сурет Kazakhstan Today-дікі.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала