Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ САУДА ҮЙЛЕРІ АШЫЛАДЫ

Көріністер: 138

Қазан айының соңында Қазақстанның астанасында Әзірбайжанның сауда үйі ашылады. salamnews.org сайтының хабарлауынша, ол жерде 30-дан аса компания өз өнімдерін сатады. 

Бұл туралы Сауда үйінің бас директоры  Гусейн Джебраилов айтты.

Оның сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласында Әзірбайжанның экономика министрлігінің қолдауымен құрылған Сауда үйі Made in Azerbaijan брэндімен шыққан өнімдерді сатып, Қазақстан нарығында әзірбайжандық өнімдердің эскпортын арттыруды қолдамақ.  Гусейн Джебраилов сонымен қатар, қазір Қазақстан нарығына текстиль өнімдерін, құрылыс материалдары мен бояуларын, химиялық өнімдер мен өнеркәсіптік тауарлар жеткізу және туристік қызметтер ұсыну бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. Атап өтерлігі, Қазақстанның өзге екі қаласы — Ақтау мен Алматыда да Сауда үйлері ашылады.

photo:yenicag.ru

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала