Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БҰҰ БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 74- СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ
Бас Ассамблеясының 74-сессиясының жұмысына қатысады. Айтулы
шара 23-25 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтеді. Ол
туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук
парақшасында жариялады.
«Бас Ассамблеяның жұмысына 196 делегация, 100-ге жуық мемлекет
басшылары, БҰҰ-ға мүше елдердің 80-нен аса Үкімет және сыртқы саясат
ведомстволарының жетекшілері қатысады. Осы маңызды шараның аясында
630 түрлі кездесулер өтеді деп жоспарлануда.
Мемлекет басшысы Бас Ассамблеяның Жалпы пікірсайысында баяндама
жасайды. Биыл аталған пікірсайыс «Кедейлікті жою, сапалы білім беруді
және климатты сақтау іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілдерді ілгерілету
үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру» тақырыбында өтеді. Сондай-ақ,
Президент тұрақты даму мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси
Форумда сөз сөйлейді.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу
Гутерришпен, бірқатар мемлекет және Үкімет басшыларымен, халықаралық
ұйым жетекшілерімен, америкалық бизнес және трансұлттық компания
өкілдерімен, АҚШ-тың саяси және сарапшы топ мүшелерімен кездесуі
жоспарланған.
Қазақстан Президентінің БҰҰ БА-ның жоғары деңгейдегі жиынына қатысуы
еліміздің бірқатар сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетуге бағытталған.
Атап айтқанда, қарусыздандыру және оны таратпау, бітімгершілік,
терроризмге қарсы әрекет ету ұстанымдары талқыланады. Сонымен бірге,
кең ауқымды халықаралық аудиторияның назарына орнықты даму, азық-
түлік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау және білім беру жүйесімен жаппай
қамту, қоршаған ортаның азып-тозуы сынды жаһандық күн тәртібіндегі
өзекті мәселелерге қатысты Қазақстанның көзқарасы ұсынылады»-деп жазды
Берік Уәли таратқан ақпаратында.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала