Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ТАШКЕНТТЕ «ПОБЕДА» ПАРК КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Өзбекстанға жасаған үш күндік мемлекеттік сапары аяқталды. Бүгін Өзбек Президенті Шавкат Мирзиёев әріптесін салтанатты түрде ұшаққа шығарып салды. 

19-қазан күні Ресей президенті ұшып келе сала Өзбекстан басшысымен Көксарайда екіжақты кездесу өткізді. Кейін кеңейтілген жиын болып, қос президент бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сосын президенттер Өзбекстанда салынғалы жатқан алғашқы атом электр стансасы құрылысының іргетасын қалау салтанатына қатысты. Бұдан соң олар «Өзбекстан-Ресей» аймақаралық форумына атбасын бұрды. Алғаш рет ұйымдастырылған шараға бизнес өкілдері бар, ірі компания басшылар мен өңірлердің жетекшілері бар тек Ресей тарапынан мыңдаған адам қатысты. Форум соңында жылпы сомасы 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды. 

Жыл басынан бері арадағы тауар айналымының 30 пайызға өскеніне тоқталған Шавкат Мирзиёев: «Биыл біздің есеп бойынша, тауар айналымы 6 миллиард долларға жетеді. Оны алдағы уақытта 10 миллиардтқа жеткізу міндеті тұр», — деді. 
Өзбек басшысы сонымен қатар, 2020 жылы екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 75 жылдық мерейтойы үшін арнайы бағдарлама дайындағалы отырғандарын жеткізді. Соның шеңберінде Ташкент қаласында «Победа» деп аталатын парк кешен салынатынын мәлімдеді. 

Өзбек басшысының шақыруымен жүзеге асқан сапар нәтижесі бойынша көптеген саланы қамтитын 20 құжат бекіді. Ал ғылым мен білім саласындағы әріптестікті арттыруға қатысты 100-ден аса келісімге қол қойылды. Тараптар Орталық Азияның қауіпсіздігі мен Ауғанстан мәселесін де қозғағанын айта кеткен абзал.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала