Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ӨЗБЕKСТАН ТҮРКІ КЕҢЕСІНЕ МҮШЕ БОЛАДЫ

Өзбеkстан Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (Түркі Кеңесі) мүше болатыны туралы шешім қабылдаған, ал Түрікменстан болса, бақылаушы мәртебесін алғысы келеді. Бұл туралы ақпарат aа.com.tr сайтында жарияланды. Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы бүгін Анкарада өткен бір жиын барысында «Ақжолтай хабарым бар, Өзбекстан да Түркі Кеңесіне мүше болу туралы шешім қабылдады. Ұйымның хатшылығына өтінішін берді»,-деген. Сосын сөзін ары қарай сабақтаған ол «алғаш рет Түрікменстаннан да жақсы хабар алдық. Ұйымға бақылаушы болғылары келетінін жеткізді»,- деді. Оның сөзінше, Түркі Кеңесі бас хатшысы Бағдат Әміреев жуырда Түрікменстанға барады. Естеріңізге сала кетейік, Түркі Кеңесіне мүше елдер басшыларының кезекті саммиті биыл 16 қазанда Баку қаласында өтеді. Ұйымға әзірше төрт ел: Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан мен Қырғызстан мүше.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала