Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ПОП МӘДЕНИЕТТІҢ СОҢЫНДА КЕТТІҢ ДЕП ЖАСТАРҒА РЕНЖУГЕ БОЛМАЙДЫ ЕКЕН

Жоғары мәдениет пен танымал (поп) мәдениет арасындағы айырмашылық

Әрбір қоғамда адамның құндылықтарынан, көзқарастарынан, нанымдарынан, нормаларынан, әдет-ғұрыптарынан, тарихынан, әлеуметтік тиымдарынан және т.б. тұратын нақты мәдениет бар. Бұл мәдениет жоғары және танымал (поп) мәдениет санатына жатқызылуы мүмкін.
Жоғары мәдениет дегеніміз не?
Жоғары мәдениет - қоғамның жоғарғы класы (ақсүйектері) бөлісетін ортақ субмәдениет ретінде анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бұл қоғамның элитасын қамтиды. Жоғары мәдениет нақты тұтыну үлгілері, өмір салты, әдебиет, наным-сенімдер мен көзқарастардан тұрып, элитаны жаппай қоғамнан, бұқарадан бөліп тұрады.
Танымал (поп) мәдениет дегеніміз не?
Әрбір адамның немесе қоғамдағы бұқараның бөлісетін ортақ субмәдениеті ретінде анықталуы мүмкін.
Жоғары мәдениет танымал (поп) мәдениетке қарағанда күрделі келеді.
Фаст-фуд пен эстрадалық поп музыка - танымал поп мәдениеттің кейбір мысалдары.
Батыстың түсінігінде Жоғары мәдениеттің мысалы:
Опера мен балет, қымбат ресторандар, классикалық музыка, ренессанстық көркемсурет үлгілері т.б.
Сарапшылар поп мәдениеттің таралуы негізінен бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында екенін атап көрсетеді. Бұл әсіресе шындық (реалити) шоулары, музыканың жаңа жанрлары, фильмдер, тіпті телесериалдар секілді түрлі теледидар бағдарламалары арқылы байқалады. Дегенмен, поп мәдениетінің адамдардың өміріне әсері бұқаралық ақпарат құралдарымен ғана шектелмейді. Ол тіпті әлеуметтік саясатты, идеологияны, сән мен технологияларды қамтиды. Сондықтан поп мәдениет жоғарғы мәдениетке қарағанда тез тарай
ды.
Қазақтың түсінігіндегі жоғарғы мәдениет: тілі мен әдебиеті, өнері, өмір салты, классикалық төл музыкасы, наным-сенімі, тіпті ішкен қымызы мен жеген қазы-қартасы.
Бүгінгі қазақ ақсүйегімін (жоғарғы класы, элита) деуші батыстың жоғарғы мәдениет үлгісін қабылдаған.
Қазақтың жоғарғы мәдениеті бар болса да, жоққа тән.
Қазақтың орта арифметикалық жасы 25-30 жас. Қазақша оқыған жастар батыстың жоғарғы мәдениетін құп көрмейді, Ұлтымыздың 23 пайызының жасы 9 –ға жетпеген.
Сонда бұл жастарға поп мәдениеттің соңында кеттің деп ренжуге болмайды екен, өйткені одан басқа олардың таңдауы жоқ.

 

Сұлтан Ыбырайдың фейсбук парақшасынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала