Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ МЕН ПАТЕНТТЕР БОЙЫНША ҚЫТАЙ АҚШ-ҚА ЖЕТКЕН ЖОҚ

Әлемнің екінші экономикасы Қытай жаңа технология бойынша да таяу жылдары әлемнің көшбасшысына айналады деген болжамды жиі естіп қаламыз. Осы мәселеге қатысты  IT және жасанды зерде маманы Бейбіт Әбдікенов өз көзқарасын білдірді.    

 

Соңғы кезде Қытай мен АҚШ-ты жиі салыстырып, тіпті 2030 жылы Қытай салада көшбасшыға айналады деген болжамдар айтыла бастады. Бұл ретте, алдымен Хуавейдің кейсін зерттеп алуға кеңес берер едім, содан кейін барып болжам жасаңыздар. Хуавей тек аппаратты ғана жинады, дисплейдің тетіктерінен бастап процессорларына дейінгі барлық патенттер өзге елдердікі. Ғылымның дамуы мен патенттер бойынша Қытай АҚШ-тан қалып келеді. Сондықтан бұл ахуал жоғары технологияның болашағына қатысты болжам жасауда өте маңызды. Жалпы қаншалықты күш-жігер жұмсап,  мол қаржы төккеніңізбен ғылымды бірден дамыта алмайсыз, ол жеке бір субмәдениет болғандықтан уақыт пен тұрақты қолдау керек.

 

Бейбіт Әбдікеновтің фейсбук парақшасынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала