Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ИЛЬХАМ ӘЛИЕВ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТ БАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев түркітілдес елдердің арнайы қызмет органдары басшыларын қабылдады, деп жазады бауырлас мемлекет басшысының ресми сайты.   

Ондағы ақпаратқа қарағанда, кездесуде Әзербайжан басшысы Бакуде өткен түркітілдес елдердің арнайы қызмет органдарының кезекті конференциясына оң ықыласын білдірген. Басқосу екіжақты және көп жақты байланыстарға қатысты мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік екенін атап өткен. Ильхам Әлиев сонымен қатар, «біздің елдер арасындағы сенімге негізделген бауырластық байланыс бекем» деген. Ол сонымен қатар, бауырлас елдер арасындағы арнай қызмет органдары әріптестігінің маңыздылығына  тоқтала келе  мұндай байланыстың аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне тоқталған. 

 

Сурет president.az  сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала