Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр.    

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жиын туралы ақпараттарды әлсін-әлсін фейсбук әлуеметтік желісінде бөлісіп отыр. Оның таратқан ақапраттарына қарағанда, жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бүгін дәл осындай жаңа форматта кездесіп отырғанымыздың өзі оң өзгерістерге бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтиже күтіп отыр.


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы міндетті ойдағыдай жүзеге асыратын бірегей құрылымға айналады деп сенемін.
Біз халық сенімін ақтауымыз керек.
Әрбір азаматтың мүддесі біз үшін өте маңызды
»,- деген. Сонымен қатар, ол қазіргі кездегі өткір мәселелерге айрықша тоқталған. Қытай зауыттарына қатысты шыққан әңгімеге орай "Тәуелсіздік пен мемлекеттілік - қастерлі құндылықтарымыз.
Билік пен қоғам, ең алдымен, Тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті нығайту үшін қызмет етеді.
Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылады екен немесе көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі, мыңдаған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер тарап жүр.
Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет»-деп өз пікірін білдірді. Қасым-Жомарт Кемелұлы  мемлекеттің ең басты мақсаты— халқын тыңдау екенін баса айта келіп  «Ұлттық кеңеске мүше болып отырған өздеріңіздей азаматтар жұмылса, жұмысымыз табысты болады деп сенемін. Кез келген маңызды бастама қоғамда ашық талқыланып, халықтың қолдауына ие болуы тиіс» -деді.

 

Суреттер ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің фейсбук парақшасынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала