Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ МЕЙРАМХАН ЖӘПЕК ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ

Көріністер: 525

Танымал журналист, сыйлы ұстаз  Мейрамхан Жәпек бүдан былай Мәдениет және спорт министрлігінің "Интернет жобалары және SMM қызметi" бөлімін басқарады.

Мейрамхан Сағынқызы интернет тілін алғаш меңгеріп, көптеген сайттардың дүниеге келіп, дамуында өзіндік қолтаңбасы бар белгілі маман. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың сыртында қазақ ақпарат нарығын сапалы ақпаратпен толықтыру жолында ерен еңбек етіп келеді.  Мейрамхан Жәпек  1972 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы Қарасу аулында дүниеге келген. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Аталған оқу орнының магистратурасын да тәмамдаған. Біраз жыл  Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да ұстаздық етіп, бірталай шәкіртті журналистикаға баулыды. Кейін астанаға қоныс аударып  «Қазақстан» РТРКның Интернет жобалар бөлімінің басшысы болды. Оған дейін  2001-2007 жылдар аралығында шыққан www.arka.medialaw.kz сайтының авторы әрі бас редакторы болғанын да айта кету керек. 2004 жылы AWARD-2004 Ұлттық Интернет сыйлығын иеленді. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала