Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАВКАТ МИРЗИЁЕВТІ ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ақпарат Ақорда сайтында шықты.   

Ақорда берілген ақпаратқа қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке жолдаған құттықтау жеделхатында Өзбекстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген зор жетістіктерін және көпғасырлық достық пен ортақ тарихқа негізделген қазақ-өзбек диалогының қарқынды дамуын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстардың жемісті сипатына ерекше мән беріп, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары боларына сенім білдірді.

– Біздің бірлескен жұмысымыз бауырлас елдеріміздің көпқырлы стратегиялық серіктестігін одан әрі кеңейтуге кепіл болады деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала