Валюта бағамы
USD - 451.75
EUR - 490.40
RUB - 4.89

ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ РЕСЕЙДІҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ СЕРГЕЙ ЛАВРОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу өткізді. Бұл туралы ақпарат көрші мемлекеттегі елшілігіміздің фейсбук парақшасында жарияланды.   

Берілген ақпарға қарағанда, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, атап айтқанда ең жоғары және жоғары деңгейлердегі өзара сапарлардың кестесін, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму барысын, сондай-ақ көпжақты құрылымдардағы өзара іс-қимылды, ТМД елдеріндегі және Орталық Азия аймағындағы ахуалды талқылады.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан-Ресей қатынастарының дамуы мен нығаюына қосқан үлесі үшін Сергей Лавровқа "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" мерейтойлық медалін табыстады.

Өз кезегінде, РФ СІМ басшысы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай өз құттықтаулары мен жылы тілектерін білдірді.

Дипломаттар тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты. Әңгіме екі ел қатынастары үшін дәстүрлі достық және сенімділік жағдайында өтті.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала